Аңдатпа
Соңғы жарты ғасырда геосаяси турбуленттілікті ескере отыра конфликттер менеджментін жүйелеу бойынша ғылыми, сараптамалық әдебиеттер және нақты тәжірибелер жинақталды. Дәстүрлі қазақ қоғамында конфликттер менеджменті билер институты арқылы жүзеге асырылған. Алайда соңғы екі ғасырда билер институтының қызметі максималды кеміді.
Мақалада бітімгершілік мәселелеріне қатысты шетелдік және отандық зерттеушілер еңбектері, бейбітшілік идеяларын дамытуға үлес қосушы халықаралық ұйымдардың ресми құжаттарындағы әдіс-тәсілдер мен қағидалар салыстырмалы тұрғыда зерделенді. Зерттеу барысында дәстүрлі қазақ қоғамындағы конфликттер менеджментіндегі теория мен тәжірибе арасындағы корреляциялық байланыстар талданды.
Бітімгершілік үдерістеріне арналған ғылыми-сараптамалық әдебитеттерде бітімгершіліктің негізгі қағидаттарына назар аударылады. Қазіргі қазақстандық қоғамда әлеуметтік конфликттерді еңсеруде бітімгершілік қызметтің негізгі халықаралық стандарттары мен дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институтының негізгі ұстанымдарының консенсусында жүзеге асыру қажеттілігінің өзектілігі талданды.