pdf

Кілтті сөздер

Орталық Азия
су мәселесі
тапшылық
шекара
басқару
механизм

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Тулиндинова, Ж. (2025). ОРТА АЗИЯДАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 85(1). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.85.1.005

Аңдатпа

Мақала Орталық Азиядағы су ресурстарын басқарудың негізгі мәселелерін зерттеуге арналған. Мақалада ең алдымен су құбырлары мен қоймаларды құрудың тарихи процесі қарастырылады. Екі ірі бассейн – Амудария мен Сырдария, яғни Орталық Азия елдеріне екі өзеннен келетін негізгі су ағыны талданады. Тарихи процесс елдердің су ресурстарын басқаруда орасан зор мән берді. Кеңес Одағы кезінде орталықтандырылған суды пайдалану болды, бұл бүкіл Кеңес Одағына ауыл шаруашылығы өнімдерін таратуға мүмкіндік берді, бірақ КСРО ыдырап, елдер тәуелсіздік алған кезде Орталық Азия мемлекеттерінің барлығы дерлік су және энергетикалық дағдарыс кезінде бұл жүйе үлкен проблема тудырды, яғни трансшекаралық ағынды суларды ауыл шаруашылығы мен энергияны пайдалану арасында бөлу басталды. Мақалада сонымен қатар су ресурстарын басқару проблемасынан зардап шегетін Орталық Азия елдері мен негізгі шекаралары талданып, осы проблемаға әсер ететін негізгі факторлар қарастырылған. Осылайша, мақалада мемлекетаралық деңгейде мәселені шешудің негізгі жолдары көрсетілген. Қазіргі кезеңде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін тиімді шешімдерді және анағұрлым негізделген көзқарасты әзірлеу үшін тұжырымдамаларды біріктіру тұрғысынан құқықтық базаның ортақ тілін әзірлеу қажет. Қазіргі таңда заңгерлер, тарихшылар, географтар ғылымның әртүрлі салаларын қамтыған бұл мәселені зерттеп, су ресурстарын қамтамасыз ету және пайдалану мәселелерін зерделеуде. Мақалада Орталық Азиядағы су мәселесі жан-жақты зерттеліп, 5 мемлекет және тарихи және посткеңестік үдеріс елдердің қазіргі жағдайына қалай әсер еткені талданады.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.85.1.005
pdf
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2025 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР