Аңдатпа
Мақалада «президенттік институт» ұғымы туралы теориялық ақпарат берілген, оның аналогы заң ғылымында жиі қолданылатын «президент институты» келтірілген. Екі ұғым да конституциялық-құқықтық мәнге жақын. «Президент институтының» түсіндірмесі «интегративті құқықтық институт ретінде мемлекеттік билік институттарының қызметін үйлестіруге бағытталған. Қазақстандағы президенттік институттың еліміздегі әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуына үлкен үлес қосып жатқаны зерделенеді.
Еуропалық заң ғылымында «әлеуметтік мемлекет» деп аталатын терминінің мағынасы еліміздегі халықты әлеуметтік қамту және қолдау әрекеттерімен салыстырмалы сипатталған. Аиалған терминнің ғылыми зерттеулері ежелгі дәуірден бастап Платон мен Аристотельдің еңбектерінде, Орта ғасырлар мен Ағарту дәуіріндегі, кеңес дәуіріндегі және қазіргі кезеңдегі эволюцияны бейнелейді. Шетелдік авторлардың зерттеулерінің нәтижелеріне, соның ішінде Д.Гарланд пен Мехмет Атилл Гүлердің ғылыми еңбектеріндегі әл-ауқат мемлекетінің функциялары мен принциптерінің кезең-кезеңімен қалыптасуын, ең алдымен азаматтардың құқықтарын қорғауға, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге қол жеткізуді сипаттауына назар аударылады. Әлеуметтік мемлекеттің функциялары көбінесе жағымсыз проблемаларды тудыратыны, оның ішінде моральдық тәуекелдер, шамадан тыс бюрократия, өсіп келе жатқан шығындар және еңбек нарығының икемсіздігі аталады.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2025 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР