Аңдатпа
Мақалада қазіргі кездегі әлемдік геосаяси тұрғыдағы күрделі жағдайдың жалпы үрдістері мен заңдылықтары қарастырылып, қалыптасқан саяси жағдайларға әлемдік көшбасшылыққа талас барысындағы жаңа әлемдік тәртіп құру бойынша көзқарастар мен теорияларға талдау жасалынады. Әлемдік саясаттың негізгі проблемаларының желісінде және жалпы теориялық көзқарастар шеңберінде тәжірибелік мәселелер айқындалады. Геосаяси жағдайдың тұрақсыздыққа ұшырауының негізгі себептерінің бірі ретінде, геосаяси дуалистік заңдылық шегінде теңіз державалары мен құрлықтық державалар арасындағы ұзақ тарихи жолы бар күрестің көрінісі қарастырылады. Жаңа геосаяси акторлар ретіндегі трансұлттық компаниялардың рөлі және мемлекеттердің егемендігіне ықпалы деңгейіне талдау жасалынады. Геосаяси тұрғыдағы стратегиялық маңызы бар ресурстар үшін бәсекелестік, аумақтық даулар, мемлекетаралық кикілжіңдер, түрлі аймақтардағы қақтығыстар жаһандық тұрақтылыққа төнетін негізгі қатерлер түрінде қарастырылады. Геосаяси жағдай және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінің өзара байланысы қарастырылады. Орталық Азия аймағының геосаяси жағдайы, мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілу деңгейі зерттелінеді. Орталық Азия аймағына қатысты Батыс әлемі, Қытай, Ресей, Түркия түріндегі аймақтық жетекші күштердің геосаяси мүдделеріне салыстырмалы талдау жасалынады. Жаһандық жағдайдағы әлемдік саяси үдерістер шеңберінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.

