pdf

Кілтті сөздер

саяси мәдениет, ұлттық бірегейлік, саяси трансформация, тәуелсіздік, құндылықтар, легитимация, мемлекет.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нугманова, К., Кагазбаева, Э., & Омарова, М. . (2025). ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘСТҮРЛЕРДІ ОЙЛАП ТАБУ ҮДЕРІСІ ЖӘНЕ САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 88(4). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.88.4.004

Аңдатпа

Мақалада 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстандағы дәстүрлерді ойлап табу және қайта жаңғырту үдерісі қарастырылады. Авторлар Э. Хобсбаумның жады саясаты теориясы мен конструктивистік көзқарасқа сүйене отырып, бұл дәстүрлердің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы және мемлекеттілікті нығайтудағы рөлін талдайды. Мақалада ақсақалдар институтының жаңғыруы, Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы, Наурыз мейрамы мен діни әдет-ғұрыптар туралы мысалдар қарастырылып, олардың әлеуметтік, саяси және мәдени салдары айқындалған. Кейбір салт-дәстүрлердің жағымсыз жақтарына ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижесінде дәстүрлерді қоғамның үйлесімді дамуына және қазақстандық бірегейліктің нығаюына ықпал ететін заманауи құндылықтар контексінде сыни тұрғыдан түсіну қажеттігі туралы қорытынды жасалады.

Осылайша, дәстүрлерді ойлап табу үдерісін мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыруға, билікті нығайтуға және әлеуметтік интеграцияға әсер ететін күрделі әлеуметтік-саяси үдеріс ретінде қарастыруға болады. Қазақстан жағдайында бұл үдеріс дәстүрлі институттардың қайта жаңғыруын да, саяси бағытты заңды деп тануға және мемлекеттік егемендікті нығайтуға ықпал ететін жаңа ұлттық рәміздерді жасауды да қамтиды.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.88.4.004
pdf