Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының Қарулы Күшінің жер бетінде бейбіт өмірді сақтау үшін атқарған бітімгершілік қызметтеріне тарихи шолу жасалынған. Бітімгершілік қызметін атқару барысында жоғалып кеткен, ерлікпен қаза тапқан бітімгерлердің болмысы патриотизм мен ерлік-тің өнеге мектебі екенін жеткізеді.
Халықаралық БҰҰ–ның жарғыларына сонымен қатар ҚР Бітімгершілік нормативтік заңдарын салыстыра отырып әскери доктринаның бітімгершілік-ке арналған тұсына ерекше назар аударады. Қазақстанның 1992 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі Тәжікстан, Ирак аймағында әскери бітімгершілік қызмет атқарғандар арасында әлеуметтанулық әдіснамалар (сауалнама, терең сұхбат) бойынша зерттеулер жүргізілді.
«Бітімгершілік» ұғымын ашып бітімгершілік қызметтің маңызы мен рөлін айқындауға тырысады. Мақала авторлары бітімгершілік қызмет түрін одан әрі дамыту мәселелерін қарастырып бірқатар ұсыныстар жасайды.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2021 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР