pdf

Кілтті сөздер

Кілт сөздер: мемлекеттік менеджмент, реформа, басқаруды жетілдіру, бюрократия, бәсекелестік, есептілік, тиімді басқару, қоғамның қатысуы, нарықтық тетіктер, мемлекеттік қызмет, институционалдық өзгеріс, әлемдік тәжірибе.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Махмутов, Б., Камырова, Г. ., & Ашимова, З. . (2026). ҚЫТАЙДЫҢ САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК МЕНЕДЖМЕНТ ЭЛЕМЕНТТЕРІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 89(1), 38–54. https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.89.1.003

Аңдатпа

Мақалада қазіргі Қытайдың мемлекеттік басқару жүйесіне енгізілген жаңа мемлекеттік менеджмент элементтері көрсетілген. Осы елдегі жаңа мемлекеттік басқарудың батыстық басқару үлгілері рухында жүргізілген әкімшілік реформалардың басқарушылық институционалдық жағдайларының ерекшеліктері талданады. Бюрократиялық аппараттың құрылымы және мемлекеттік қызметшілердің басқару тұрғысынан құндылық басымдықтары зерттеледі. Авторлар сонымен қатар реформалардың ситуациялық саяси контекстіне жүгінеді, осы реформаларды әзірлеу мен жүзеге асырудың саяси жағдайларына, сондай-ақ осы үрдіске қатысатын күштерге баға береді. Зерттеу нәтижелері қазіргі уақытта Қытайда оны ұйымдастырудың ұтымды принциптерін де, патримониялық принциптерді де біріктіретін «гибридті» бюрократиялық аппарат бар екенін көрсетеді. Яғни әкімшілік реформалардың сәтті болуы «номенклатуралық» таптың мүдделерін ескерумен байланысты. Осы себептібасқарудың батыстық үлгісінің негізгі элементтері, соның ішінде тиімді басқару, өкілеттік беру, қоғамдық қатысуды кеңейту мен қызмет көрсету, сондай-ақ экономикалық-стратегиялық тетіктер институционалдық және саяси шектеулергебайланысты Қытай контекстінде өзгерістерге ұшырайды.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.89.1.003
pdf