Аңдатпа
Аңдатпа:
Бүгінгі таңда отбасылық қатынастар әлемдік жаһанданумен байланысты жаңа сын қатерлерге ұшырауы салдарынан, мемлекеттік отбасылық саясат тақырыбы бүкіл әлемдегі ғылыми қоғамдастықтың назарын аударып отыр. Әлемнің көптеген елдерінде бұл мәселені зерттеуге қызығушылықтың артуына қарамастан, Қазақстанда отбасы саясаты мәселелері бойынша зерттеулердің жеткіліксіздігі байқалады. Қазіргі таңда отбасылық және демографиялық мәселелер әлеуметтік, мемлекеттік саясаттың, қоғамның және жалпы ғылымның назарында болуы маңызды. Заманауи отбасының тұрақтылығы мәселелері де назардан тыс қалмауы керек. Бұл мәселе отбасылық ажырасудың жай-күйі мен динамикасынан, олардың әлеуметтік-типологиялық және аймақтық аспектілерінен, ажырасу себептерінен, неке құндылықтарынан тұрады. Осы тұрғыдан, қазіргі кезеңде әлемнің көптеген елдері мемлекеттің отбасы саясатын жүзеге асырудың тиімді жолдарын іздестіруде. Бұл саладағы мемлекеттік саясаттың шараларын жетілдіру теориялық концепциялар мен тәсілдемелерді жан-жақты зерттеуді талап етеді.

