Аңдатпа
Мақалада ХІІІ-ХІХ ғасырлар аралығындағы қазіргі қазақ даласында болып, жергілікті тұрғындардың тарихы қызықтырған, шаруашылығы, мәдениеті, салт-дәстүрлері, діни-сенімдерімен танысып, осылардың негізіндегі арнайы жазбалар қалдырып, жариялаған еуропалық, ресейлік мемлекеттік қызметкерлердің, жиһангерлер мен зерттеушілердің еңбектеріне талдау берілген. Олардың бұл шығармаларының ғылыми маңыздылығы сараланған.
Осылардың қатарында ғылыми шығармада бұл авторлардың түгелге жуығының Еуразия аңғарының орталығын ата-қонысы еткен қазақ халқының, оның арғы ата-бабаларының өз заманындағы озық шаруашылықтары, қолданбалы және ауызша мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы оңды пікір білдірілгендігі атап көрсетілген.
Мақаланы жазудағы негізгі мақсат та есімдері аталған, еңбектеріне талдау берілген зерттеушілер шығармаларын ғылыми ортаға, қазіргі оқырман қауымға таныстыру болды
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2021 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР