Аңдатпа
Мақалада шетелдік ғылыми әдебиеттердегі ақпараттық қоғамды зерттеудің негізгі тәсілдеріне талдау жасалады. Атап айтқанда, зерттеушінің назарында технологиялық, экономикалық, әлеуметтік, кеңістіктік, мәдени және теориялық білім тәсілдері бар. Әр тәсіл оның өзіндік ерекшеліктерін анықтаумен сипатталады. Desk-геѕеагсһ әдістерін, сондай-ақ құрылымдық-функционалдық және проблемалық талдауды қолдана отырып, автор зерттелетін бағыт бойынша алғышарттарды, проблематиканы және тәуекелдерді (ақпараттық қоғамда тұратын азаматтардың психологиялық жай-күйінің нашарлауын, мәдени өзін-өзі сәйкестендірудің жоғалуын, теңсіздікті және т.б. қоса алғанда) жинақтайды және ашады. Мақалада ақпараттық қоғамның қалыптасу жолындағы кедергілер де, осы типтегі қоғамға қол жеткізу және дамыту үшін әлеуетті мүмкіндіктер де талқыланады.