Аңдатпа
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында Орталық Азияда бірінші рет әкімдер сайлауы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырза 2020 жылы халыққа арнаған жолдауында ауыл әкімдерін сайлаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Президент бастамасына сәйкес заң жобасы дайындалып Парламентте қабылданды. Елімізде тіркелген алты саяси партия әкімдер сайлауында белсенділік танытып, Қазақстан бойынша барлық саяси партияның өкілдері ауыл әкімі болып сайланды деуге толық негіз бар. Бұл саяси процесті жандандырып, партиялар арасындағы бәсекені арттыратын маңызды реформа. Әкімдердің сайлануы жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамытатын, ауыл кеңестері арқылы әкім мен халықтың бірлесе жұмыс істеу механизмдерін бір жүйеге келтіретін болады. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды әрі қажетті саяси реформалардың бірі.
Осы мақалада ауыл әкімдері сайлауына жан-жақты тоқталып, алдағы сайлауларды жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу қарастырылды.