Аңдатпа
Бұл мақалада отандық ғалымдардың тұжырымдарын ескере отырып, мәдени бірегейлік генезисі және ерекшеліктері теориялық негізде талданды. Мәдени бірегейлікті анықтаудың түрлі теориялық тәсілдері, оның қалыптасуының негізгі кезеңдері, сондай-ақ мәдени бірегейліктің қалыптасуы мен өзгеруіне саяси, тарихи және әлеуметтік-мәдени процестердің әсері айқындалды. Отандық ғалымдардың зерттеулері мысалында қазіргі қоғам ахуалында мәдени бірегейлік туралы идеялардың ерекшеліктері талданды. Мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы этномәдени білімнің рөлін көрсете отырып, әралуандылық пен интеграцияның мәдени бірегейлікке төрт негізгі ықпалы анықталып, талқыланды. Мақалада көркемдік сана мен мәдени бірегейлік арасындағы айырмашылықтар қарастырылып, әрқайсысына тән белгілер ұсынылды. Диаспоралардың мәдени бірегейлікті сақтау қабілетіне назар аударылды. Сонымен қатар, зерттеуде діни бірегейлік, исламтану, ұлттық асхана, этникалық стереотиптер және ғылыми жүйе секілді мәдени бірегейлікке әсер ететін түрлі аспектілер қарастырылды. Scopus деректер базасында «сultural identity» кілт сөзімен индекстелген 13 ғылыми жұмыстың деректерін пайдалана отырып, мақала мәдени бірегейлікті қалыптастыруға және мәдени мұраны түсінуге әсер ететін негізгі факторларды анықтайды. Мақала қорытындысында мәдени бірегейлік ұғымына авторлық анықтама беріледі. Жұмыс мәдени бірегейліктің саясаттану, мәдениеттану және әлеуметтану аспектілерін зерттеуге маңызды үлес болып табылады және оны осы салада әрі қарай зерттеу үшін пайдалануға болады.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2025 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР