pdf (English)

Кілтті сөздер

басқару, жоғары білім, гранттарды бөлу, мемлекеттік білім беру тапсырысы, мемлекеттік білім беру гранты, адами капитал.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Iskendirova, S. ., Zeinolla , S. ., & Aben А. (2025). ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН БӨЛУДЕГІ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР ЖОҒАРЫ БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АСПЕКТІСІ РЕТІНДЕ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 85(1). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.85.1.007

Аңдатпа

Қазақстандағы жоғары білім адам капиталының дамуына үлкен үлес қосатын өзекті тақырып болып табылады. Осы зерттеудің негізгі мақсаты – жоғары білімнің қолжетімділігін бағалау және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, қаржыландыру жүйесін жетілдіруге арналған ұсыныстарды әзірлеу. Зерттеу білімнің қаржылық қолжетімділігіне, мемлекеттік гранттар жүйесі мен жоғары оқу орындарын қаржыландыру механизмдеріне бағытталған.

Жұмыстың ғылыми маңызы – Қазақстанда бөлінетін мемлекеттік білім гранттары жүйесін және оның әртүрлі әлеуметтік топтардағы студенттер үшін білімге қолжетімділігіне әсерін талдау. Зерттеу әдістемесі – студенттерге қаржылық қолдау көрсету және мемлекеттік білім беру тапсырысын талдауда экономикалық-статистикалық және абстрактілі-логикалық әдістерді қолдану.

Зерттеу барысында жоғары оқу орындарын жан басына қаржыландыру жүйесінің артықшылықтары мен шектеулері, атап айтқанда, ірі университеттерде ресурстардың шоғырлануы және аймақтардағы білімге қолжетімділіктің төмендеу мүмкіндігі анықталды. Зерттеу деректері гранттарды еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жоспарлау қажеттілігін растайды.

Жұмыстың практикалық маңызы – Қазақстандағы жоғары білімді қаржыландыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар, бұл білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етіп, оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының қосқан үлесі – кадрларды даярлауға бағытталған, қазіргі заман талаптарына бейімделген теңгерімді жүйені құруға арналған негізделген ұсынымдар.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.85.1.007
pdf (English)
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2025 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР