Аңдатпа
Аңдатпа.
Мақалада Қазақстанның пенитенциарлы жүйесінің гуманизациясы халықаралық тәжірибе негізінде қарастырылады. Жазалау феномені Фуко мен Агамбен идеялары тұрғысынан зерделеніп, пенитенциарлы жүйе әділеттілік пен гуманизмді бейнелейтін әлеуметтік институт ретінде сипатталады. Авторлар «Мандела ережелері» мен отандық заңнамаларды саралай отырып, ресоциализация, реабилитация бағдарламаларының, соның ішінде «Түрмедегі философия» секілді бастамалардың тиімділігіне назар аударады.
Зерттеудің эмпирикалық бөлімі Қазақстандағы түзету мекемелеріндегі жазасын өтеп жүрген азаматтар тарапынан қазіргі кездегі түзеу тәжірибесін қабылдауын анықтайтын сауалнаманы қамтиды.
Авторлар пенитенциарлы жүйенің гуманизациясына мемлекеттік құрылымдармен қатар, тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық қайраткерлер ретінде азаматтық қоғамның белсенді қатысуы маңызды деген тұжырымға келеді. Сотталған азаматтар арасында сыни ойлау дағдыларын дамытатын бағдарлама енгізу бойынша ұсыныс беріледі. Мұндай бағдарлама сотталған азаматтардың реинтеграциясына ықпалдасып, пенитенциарлы жүйе гуманизациясы арқылы жалпы қоғамның құндылықтық тұрғыда трансформациясына жағымды әсер ете алады.

