pdf

Кілтті сөздер

азаматтық қоғам, мемлекет, қоғамдық сана, хабардарлық, азаматтық белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, даму, қатысу, парадигма, жұмылу.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жолдыбалина, А., Ермаханова, С., & Ахантаева, С. А. (2025). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК: ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 88(4). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.88.4.05

Аңдатпа

Ұлт, мемлекет және азаматтық қоғам – қоғамның тұрақты дамуы мен әлеуметтік үйлесімін қамтамасыз ететін негізгі құрылымдар. Солардың ішінде азаматтық қоғам жеке адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдырып, қоғамдық игілікті арттыруға қызмет ететін маңызды әлеуметтік институт ретінде танылады. Оның мәнін түсіну мен күнделікті өмірде қабылдануы әр елдің тарихи тәжірибесі мен мәдени ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады.

Қазақстан жағдайында азаматтық қоғам ұлттық жаңғыру мен мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылып отыр. «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының аясында мемлекет қоғамдық бастамаларды қолдап, азаматтардың белсенділігін арттыруға көңіл бөліп келеді. Осындай өзгерістер қоғам мүшелерінің азаматтық қоғам туралы түсінігінің деңгейін зерттеуді өзекті етіп отыр.

Бұл мақалада халықтың «азаматтық қоғам» ұғымын қалай қабылдайтыны және оның мазмұнын қалай түсінетіні зерделенеді. Ұғымның ақпараттық кеңістікте жиі қолданылатынына қарамастан, оны көпшілік үстірт әрі әртүрлі мағынада қолданатыны анықталды. Әсіресе жастар арасында түсініктің әлсіз болуы азаматтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ағартушылық жұмыстың қажет екенін көрсетеді.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.88.4.05
pdf