pdf

Кілтті сөздер

конфессиялық кеңістік
мемлекеттік реттеу стратегиясы
секьюритизация
конфессиялық диспропорция
реактивтік саясат
превентивтік механизмдер
аймақтық конфессиялық тәуекел
конфессиялық плюрализм

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жандосова, Ш. ., Нуров, М., & Кашкинбаева , А. (2026). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОНФЕССИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ САЯСИ СТРАТЕГИЯСЫ: КЕЗЕҢДІК ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ ТАЛДАУ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 90(2). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.90.2.003

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасының конфессиялық кеңістігін мемлекеттік реттеудің саяси стратегиясын кезеңдік және аймақтық талдау арқылы зерттейді. Зерттеудің негізгі гипотезасы: Қазақстанның конфессиялық саясаты аймақтық конфессиялық диспропорцияны есепке алмайтын бірыңғай ұлттық стратегия нысанында жүзеге асырылуда, бұл оның превентивтік тиімділігін жүйелі тұрғыда шектейді. Контент-талдау мемлекеттік нормативтік дискурстың үш семантикалық кезеңнен – «бостандық» → «бақылау» → «қауіпсіздік» өткенін айқындайды. Кезеңдік талдау либерализация (1991-2000), институционализация (2000-2015) және секьюритизация (2015-бүгінгі күнге дейін) кезеңдерінің ішкі логикасын ашады. Аймақтық деректер Қазақстан территориясын конфессиялық саяси тәуекелдің үш аймаққа нақты бөлінетінін дәлелдейді: оңтүстік моноконфессиялық, солтүстік биконфессиялық және мегаполистік белгісіздік аймағы. Зерттеу тұжырымдары конфессиялық кеңістікті реттеудің дифференцирленген аймақтық стратегиясын қалыптастыруға арналған саяси ұсынымдардың ғылыми негізі ретінде қызмет ете алады.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2026.90.2.003
pdf