Кілтті сөздер

ұрпақтар теориясы, ауыспалық, қақтығыстар, құндылықтар, эмпирикалық зерттеулер.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Кушеров, Н. (2021). ҰРПАҚТАР ТЕОРИЯСЫ КОНТЕКСТІНДЕ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 70(2), 82–95. https://doi.org/10.52536/KjD/vol_70_issue_2_A5

Аңдатпа

Буынаралық қатынастар тудыратын мәселелер күнделікті орын алып жатқанына қарамастан ғылыми ортада немесе мемлекетті басқару ісінде оған айтарлықтай мән берілмей келеді. Буындардың ерекшелігін басқару бүгінгі мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кейбір мәселелерді қайта қарауға, болмысын түсінуге, оны құбылыс деп қарап жаңа шешімдер қабылдауға негіз бола алады. Зерттеу жобасы аясында эксперттердің қатысуымен сауалнама жүргізіліп, нәтижелері қосымша сапалық талдау тәсілдерімен күшейтілді.

Мақалада мемлекеттік қызметтегі «ауыспалық», ұжымдағы қақтығыстар, мемлекеттік қызметшілердің құндылықтар жүйесі мәселелері қарастырылып, тұжырымдалған ұсыныстар берілді.

https://doi.org/10.52536/KjD/vol_70_issue_2_A5
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2021 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР