pdf

Кілтті сөздер

репатриация, көші-қон, поляк ұлты, бейімдеу, поляк картасы, Польша

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Меңлібай, Е. ., Қобландин, Қ. ., & Тайшанова, С. . (2025). ПОЛЬШАНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ КӨШІ-ҚОНЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 85(1). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.85.1.002

Аңдатпа

Бұл мақала Польша Республикасындағы репатриация саясатының жүзеге асырылуын зерттеуге арналған. Соңғы онжылдықта Польша үкіметі шетелдегі ұлты поляк адамдарды тарихи отанына оралуына жағдай жасайтын этникалық көші-қон саясатын белсенді жүргізіп келеді. Халықаралық қатынастарда Польшаның репатриация саясатындағы тәжірибесі оң бағаланады. Этникалық көші-қонды ұйымдастыруда мемлекеттік басқару жүйесін, заңнамалық базасын, кешенді әлеуметтік қолдау бағдарламаларын қабылдауының арқасында біршама нәтижелерге қолжеткізілді. Дегенмен, репатрианттардың жаңа ортаға бейімделуі, құжаттандырылуы, жергілікті халықпен қарым-қатынас орнатуы кезеңдерінде бірқатар қиындықтар туындайды.

Осыған орай, бұл зерттеуде авторлар Польшаның репатриация саясатына талдау жасап, оның ішінде құжаттандыру, бейімдеу мәселелері және әлеуметтік қолдау шараларын зерделеген. Тарихи деректерге шолу жасалып, ресми статистикалық мәліметтер талданған. Әр жылдары қабылданған нормативтік құқықтық актілері және мемлекеттік бағдарламалары сараланып, репатриацияның әлеуметтік және экономикалық салдары, құқықтық және саяси аспектілері талқыланған. Сондай-ақ, мақалада диаспора саясаты мәселелеріне де ішінара тоқталып өттік.

Жалпы, тарихи отанына көшіп келушілерді мемлекеттік қолдаудың барлық сатылары сипатталған. Зерттеу еліндегі этникалық көші-қонның ұйымдастырылуы кезіндегі тәжірибесі мен кемшіл тұстары анықталған.

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2025.85.1.002
pdf
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2025 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР