Аңдатпа
Аңдатпа. Мақала «Қазақстан-Ресей шекарасы: тарихи контекст және жаңа геосаяси шындық» бағдарламасы аясында әзірленіп, 2018-2021 жылдары авторлардың орындауымен іске асқан «Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына бағытталған оқу көші-қоны» әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне негізделді. Зерттеу барысында шекаралас аумақта тұратын және Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алған Қазақстан азаматтарына сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 30 ЖОО-да 50 мамандық бойынша білім алған 309 респондент қатысты. Сауалнама сұхбат, онлайн, телефонмен сөйлесу сияқты аралас форматта жүргізілді. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан, Ресейде білім алып жүрген, бірақ пандемия кезінде Қазақстанда болған бакалавриат студенттерден тереңдетілген сұхбат алынды. Мақалада оқу көші-қоны уәждері мен перспективасы қарастырылады. Сондай-ақ, мақалада халықаралық білім ұтқырлығының (Academic mobility) Қазақстанның Ресеймен шекаралас облыстарындағы эмиграция процестеріне әсері мәселесі қарастырылған. Авторлар көші-қон процесінің тартушы және итермелеуші (Push/Pull) факторларын анықтады.
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2022 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР