pdf (English)

Кілтті сөздер

Түйінді сөздер: кадрлық резерв, талант менеджменті, мемлекеттік қызметтегі бос  жұмыс орындар, қызметкерлерді іріктеу, кадрлық ауыс-түйістер.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нұрбекова R. ., & Илеуова G. . (2022). ҚАЗАҚСТАНДА ТАЛАНТ МЕНЕДЖМЕНТІҢ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВ БАҒДАРЛАМАСЫН ДАМЫТУ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 75(3). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-3.02

Аңдатпа

Мақалада кадрларды даярлау және мемлекеттік қызметте кадрлық резервті қалыптастыруға байланысты проблемалар қамтылған. Талант менеджмент технологиясын енгізу және дамыту арқылы осы мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Мақалада Президенттік Жастар Кадр резервіне іріктеуді қалыптастыру мен іске асыруға талдау жүргізіледі, онда соңғы 10 жылда Қазақстанның мемлекеттік саласында кеңінен таралған жаңа HR технологияларды қолдану негізгі болып табылады. Мақалада мемлекеттік қызметшілер үшін мансаптық лифт ретінде екі түрлі бағдарламаны - тікелей сайлау және кадр резервіне іріктеу талдауына әрекет жасалады. Бүгінде жаһандану және халықаралық экономикалық интеграция ғасырында кәсіби басшыларды дамыту мен мемлекеттік қызметте ұстап қалу  қиындығының ұлғаюымен персоналды басқару саласында әлемдік дәлелденген технологияларды қолдануы маңызды болып отыр. Осыған байланысты, мақалада негізгі аспект - таланттарды басқару технологиясы және оны кадрлық резерв бағдарламасын одан әрі дамыту мақсатында енгізу қарастырылып, сынға алынуда.

 

 

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-3.02
pdf (English)