Аңдатпа
Мақалада қоғамдық санаға манипуляциялық әсер ету мүмкіндіктері тұрғысынан саяси коммуникация құбылысының әдістері қарастырылды. Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік желілердегі саяси айла-шарғы жасаудың салдары мен тәсілдеріне байланысты мәселелерді шешу маңызды болып отыр. Әлеуметтік желілер арқылы саяси айла-шарғы жасау проблемалары отандық саясаттану аясында ғылыми түсінуді қажет ететін әрі зерттелмеген өзекті тақырыптардың бірі. Осы орайда, зерттеу жұмысымызда «Саяси манипуляция» ұғымы қарастырып, қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдарын қоғамдық санаға манипуляциялық әсер ету құралы ретінде пайдаланудың ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктері анықталды. Әлеуметтік желілердегі ұлттық деңгейде саяси айла-шарғы жасауға қарсы тұру мәселесі жеткілікті дамымаған. Осыған байланысты, шетелдік тәжірибені ескере отырып, мақаламызда Қазақстан Республикасында манипуляциялық саяси технологияларға қарсы тұру стратегиясы зерттелді.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .
Авторлық құқық (c) 2025 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР