pdf

Кілтті сөздер

Түйін сөздер: оқу көші-қоны, білім көші-қоны, Қазақстан, Ресей, жастар, Қазақстан-Ресей шекарасы, Border Studies, фронтьер көші-қоны, әлеуметтік зерттеу.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мажитова, А. ., Ашкенова, Г. ., Есімова, Қ. ., & Батырбаев, Қ. . (2022). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНА ОҚУ КӨШІ-ҚОНЫ: ЖАЙ-КҮЙІ, СЕБЕПТЕРІ, КЕЛЕШЕГІ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР, 73(1). https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-1.05

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақала «Қазақстан-Ресей шекарасы: тарихи контекст және жаңа геосаяси шындық» бағдарламасы аясында әзірленіп, 2018-2021 жылдары авторлардың орындауымен іске асқан «Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына бағытталған оқу көші-қоны» әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне негізделді. Зерттеу барысында шекаралас аумақта тұратын және Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алған Қазақстан азаматтарына сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 30 ЖОО-да 50 мамандық бойынша білім алған 309 респондент қатысты. Сауалнама сұхбат, онлайн, телефонмен сөйлесу сияқты аралас форматта жүргізілді. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан, Ресейде білім алып жүрген, бірақ пандемия кезінде Қазақстанда болған бакалавриат студенттерден тереңдетілген сұхбат алынды. Мақалада оқу көші-қоны уәждері мен перспективасы қарастырылады. Сондай-ақ, мақалада халықаралық білім ұтқырлығының (Academic mobility) Қазақстанның Ресеймен шекаралас облыстарындағы эмиграция процестеріне әсері мәселесі қарастырылған. Авторлар көші-қон процесінің тартушы және итермелеуші (Push/Pull) факторларын анықтады.

 

https://doi.org/10.52536/2788-5860.2022-1.05%20
pdf
 Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution 4.0 бүкіл әлем бойынша .

Авторлық құқық (c) 2022 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ДӘУІР